Патриоттық әндердің вокалдық байқауы өтеді
Патриоттық әндердің вокалдық байқауы өтеді
597
оқылды

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 20 қазан мен 20 қараша аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отаным – бақ мекенім» атты патриоттық әндердің вокалдық байқауы өтеді.

Конкурстың мақсаты – республиканың арнайы оқу орындары мен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды күшейту және нығайту. Сондай-ақ тематикалық әндер мен вокалдық шығармашылық арқылы патриотизмді насихаттау. «Отаным – бақ мекенім» патриоттық әндердің музыкалық вокалдық байқауына еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері солист немесе ұжым мүшесі (дуэт, трио, топ) ретінде қатыса алады. Конкурстық шығармалар поп, джаз, рок, халықтық вокал, академиялық вокал, мюзикл, аралас жанрларда, түпнұсқалы өңдеуде немесе авторлық оқуда, сондай-ақ кавер-нұсқада орындалуы мүмкін. вокал Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін кәсіби қазылар алқасы құрылады, оның құрамына вокал өнері саласындағы беделді мамандар, продюсерлер, дыбыс режиссерлері және әртістер кіреді. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі ашық, оның қорытындылары www.kaznai.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Байқауға қатысушылардың орындаудағы бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігіне, вокалдық техника мен драмалық шеберлігіне, шығарманы таңдау мен оны органикалық жеткізуіне ерекше көңіл бөлінеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 10 қарашасына дейін otanym.bakmekenim@mail.ru электронды поштасында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін: www.kaznai.kz сайтында өтінім толтырып, конкурсқа қатысушының деректерін көрсету қажет; Өтінімге жанды дауыста айтқан видеоның сілтемесін (мүмкіндігінше youtube) қоса беру керек; Сахнада, үйде түсірілген әуесқой видеоға рұқсат етіледі; Конкурсқа тек жанды дауыста айтылған жазба қабылданады; Видеоның ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс; Жазбада бір номер болуы керек; Вокалистер (соло) үшін жазылған немесе жанды БЭК-вокал мен Double-трекке рұқсат етіледі.
Айта кетейік, конкурстың бас жүлдесі – 500 мың теңге. 2 орынға 300 мың теңге, 3 орынға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Барлық қатысушыларға диплом, өтінімде көрсетілген педагогтер мен концертмейстерлерге алғыс хат беріледі.