Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы 57 келіде моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен қолғап түйістірді.
Үшінші раундта да төрешілер Серіктің басым түскенін көрсетті. Осылайша Серік жарыстың 1/16 финалына жолдама алды.
Сондай-ақ, бүгін тағы бір жекпе-жекте Абылайхан Жүсіпов (67 келі) Тайбэйден келген Ю Линьмен шеберлік байқасады.