ӘЧ-да Баркер кубогы ойнатыла ма?
ӘЧ-да Баркер кубогы ойнатыла ма?
552
оқылды

Таяуда Белградта (Сербия) бокстан ерлер арасында өтетін 21-әлем чемпионатының ашылу салтанатында Афина-2004 Олимпиада ойындарының чемпионы Бахтияр Артаев AIBA президенті Умар Кремлевке өзінің сол Олимпиадада жеңіп алған Вэла Баркер кубогын табыстады. Ол жөнінде ҚБФ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл олжа Олимпиада ойындарының салмақ дәрежесіне қарамастан, ең техникалық боксшыға тапсырылады. Артаев өзінің алдындағы чемпиондар сияқты Вэла Баркер кубогының 1936 жылғы түпнұсқасын алған болатын. Бұл кубок қолдан қолға өтетін көшпелі жүлде еді, ал бірақ бұл жағдайда ол қазақстандыққа атаулы жүлде ретінде арнайы сыйға тартылып, Қазақстанда сақталып келген.  

Би-Барыс КӨКШЕ