Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді. Осылайша, еліміздің бірінші ракеткасы дүниежүзілік рейтингтегі өзінің үздік нәтижесін қайталады. Ал Тимофей Скатов 269-дан 266-орынға жоғарылады. Бұл оның аталған рейтингтегі рекордтық көрсеткіші болып тіркелді. Керісінше, Михаил Кукушкин 147-ден 159-орынға сырғыды. Дмитрий Попко бір саты төмендеп, 161-ден 162-орынға орналасты. Бейбіт Жукаев 760-тан 746-орынға жайғасты. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-орынға сырғыды. Юлия Путинцева 44-орнында қалса, Зарина Дияс 104-тен үздік жүздікке қайта оралды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанды, ал Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында қарсыласына есе жіберді.А.ЖАСАНҰЛЫ