Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.
67 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Абылайхан дүниежүзілік біріншіліктің бірінші айналымында Тайбэй спортшысы Ю Линемді айқын басымдылықпен жеңді. Кездесу 5:0 есебімен Абылайхан Жүсіповтің пайдасына аяқталып, отандасымыз келесі айналымға жолдама алды.
Оның келесі қарсыласы Венесуэла спортшысы Кристиан Томас болмақ. Аталған салмақ бойынша боксшылар 28 қазан күні 1/16 финалда шеберлік байқасады.