Халық санағы: 17 миллионнан астам адам өтті
Халық санағы: 17 миллионнан астам адам өтті
Фото: astana.gov.kz
200
оқылды

Ұлттық халық санағына 17 428 058 адам қатысты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азаматтардың 40,4%-ы санақтан онлайн, 51,2%-ы офлайн өтті.
Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. Қолда бар мәлімет бойынша, Алматы тұрғындарының саны 2 005 496 адам деп көрсетілген. Ал санақ сауалына 2 154 907 адам жауап берген. Екінші орында Түркістан облысы – 98,6%. Яғни, 2 032 333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы – 98,6%. 1 129 863 адам санақтан өтті.

Ұлттық санақ Қазақстанда 1 қыркүйекте басталды. Санақ 30 қазанға дейін жалғасады.