Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азаматтардың 40,4%-ы санақтан онлайн, 51,2%-ы офлайн өтті.
Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. Қолда бар мәлімет бойынша, Алматы тұрғындарының саны 2 005 496 адам деп көрсетілген. Ал санақ сауалына 2 154 907 адам жауап берген. Екінші орында Түркістан облысы – 98,6%. Яғни, 2 032 333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы – 98,6%. 1 129 863 адам санақтан өтті.
Ұлттық санақ Қазақстанда 1 қыркүйекте басталды. Санақ 30 қазанға дейін жалғасады.