Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
gazeta.ru
415
оқылды
Талғарда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті деген күдікпен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, 26 жастағы жүргізуші Талғардағы Менделеев көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен және оқиға орнынан бой тасалаған.
"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ПД өкілдері.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болған.