Коллекторлармен заңсыз байланысы болған 18 сот орындаушы лицензиясынан айырылды
Коллекторлармен заңсыз байланысы болған 18 сот орындаушы лицензиясынан айырылды
Фото: news.myseldon.com
182
оқылды

Министр Марат Бекетаевтың айтуынша, себебі коллекторлармен заңсыз байланысы болған.

Бекетаев «Ұлттық мүдде» телебағдарламасында: «Министрлік заңбұзушылықтарды, олардың коллекторлармен заңсыз байланысын анықтады. Бұл сот ісін жүргізуге және лицензиядан айыруға негіз болды», – деді.

Министрлік сот шешімінің орындалуын әрі қарай дамытудың екі жолын таңдады. Бірінші – ашықтықты қамтамасыз ету, оның ішінде, электронды жүйелерді дамыту. Екінші – сот орындаушыларының өзін-өзі реттеуін дамыту.

«Бұрын аукциондар Әділет министрлігі таңдаған алаңда өтетін. Конкурс өтеді, жеке компания оны жеңіп алады, үш жылға аукционды ұйымдастыруға келісім жасалады. 2018 жылдан бері жеке алаңдар таңдалмайтын болды. Енді мемлекеттік электронды жүйе базасындағы аукцион алаңы пайдаланылады. Тыйым салынған мүлікті сату туралы барлық хабарландырулар жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сату бойынша танымал платформаларда қайталанады. Аукционға қатысушылар неғұрлым көп болса, қатысушылар тыйым салынған мүлік үшін бәсекелестікте соғұрлым жақсы баға береді», – деді министр.

Ашықтық пен өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы жеке сот орындаушылар палатасы тиімді жұмыс істейді. «Палатаның бюджетін веб-сайттан біле аласыз. Сайтта мүшелік жарнаның қашан енгізілгені, палатаның барлық қызметкерлерінің, оның ішінде, төрағаның жалақысын да көруге болады», – деді Марат Бекетаев.

Бұған дейін Алматыда кепілде тұрған үйді босатуды талап етіп келген сот орындаушыны үй иесі атып тастаған болатын. Алматыдағы атыста жеке сот орындаушымен бірге екі тұрғын, екі полицей мерт болды.