Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемеген болып шықты
Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемеген болып шықты
© ratel.kz
233
оқылды
Алматыда 5 адамды атып тастаған Игорь Дужнов және оның жұбайы Анаида Демирчян мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға қарыз екені белгілі болды. Банктің алдындағы қарызын төлемегені үшін үйден көшіруге шешім шығарылған, алайда бұл  ерлі-зайыптының барлық қарызы емес. Әділет министрлігінің базасында олардың қарыздарын өндіру бойынша деректер жарияланған.  Игорь Дужновтың қарыздары. Сот орындаушыларда Игорь Дужновтан мына қарыздарды өндіріп алу бойынша құжаттар жатыр:
  • Хайбулин Рафаил Мұхаметұлының пайдасына 1 535 000 теңге және 15 350 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығы, төлемді қайтаруға көмек көрсеткені үшін өкілдік шығын  150 000 теңге, барлығы 1 700 350 теңге;
  •  Винокурова Ольга Георгиевнаның пайдасына 5 083 100 теңге, мемлекетке баж салығы 50 831 теңге, өкілдік қызметтерге 254 155 теңге, сот орындаушының қызметіне 42 420 теңге;
  •  "Нано плюс" ЖШС-ден (Дужнов – ЖШС құрылтайшысы)  "Торговый Дом Костанай-Кама" АҚ пайдасына 2 575 000 теңге;
  •  "Var TechAuto" ЖШС пайдасына 5 650 000 теңге (соттың шешімін көп уақыт орындамаған);
  • 5 650 000 теңге (кімге қарыз екені көрсетілмеген).
Сондай-ақ сот орындаушыларда "Нано плюс" ЖШС-ден, "Идеал сервис" ЖШС-ден, Дужнов Игорь Иванович пен Демирчян Анаида Погосовнадан "Банк ЦентрКредит" АҚ пайдасына қарыз келісімшарттары бойынша 118 149 373 теңге (мемлекеттік баж салығы – 3 544 481 теңге) өндіру туралы құжаттар жатыр. Сондай-ақ Анаида Демирчянның атында да бірқатар қарыз бар екені белгілі болды. Екеуіне де 2014 жылдан бастап Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған.