Боксшы Асланбек Шымбергенов мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Боксшы Асланбек Шымбергенов мерзімінен бұрын жеңіске жетті
146
оқылды
Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші кезеңге жолдама алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  1/32 айналымда Асланбек ирандық боксшы Фархад Морадиге қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек бар болғаны екі жарым минутқа созылды. Бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда ирандық боксшының қабағы жарылып, дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатты. Жарыс ережесі бойынша, дәл осы кезде есепте алда тұрған боксшы келесі айналымға өтеді. Төрешілер 5:0 есебімен Шымбергеновті жеңімпаз деп таныған. Асланбек Шымбергеновтің келесі қарсыласы – өзбекстандық Шахрам Гиясов.