Мал ұрлаған полицей қамауға алынды – видео
Мал ұрлаған полицей қамауға алынды – видео
Фото: www.nur.kz
184
оқылды

Қазір  тәртіп сақшысының қанша малды ұрлағаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды.

Әзірге оншақты адамнан 50 малдың ұрланғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы – күдіктінің ауылдастары. Келген шығын 15 миллион теңгеге жуықтайды. Бір қызығы, облыстың бас полицейіне шағым түсіргеннен кейін ұрланған малдың кейбірі иелеріне қайтарылған. Дегенмен облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқа деректерді жариялаған жоқ.

БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Лунара Аманғалиева: «Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», – деді.

Бұған дейін Талғарда жас жігітті қағып өлтірген көлік жүргізушісінің бір күн бұрын жұмыстан шыққан полицей екені анықталғанын жазған болатынбыз.

  https://youtu.be/8xBXcGJPER8