Талғарда 18 жастағы жігітті қағып, қашып кеткен экс-полиция қызметкері болып шықты
Талғарда 18 жастағы жігітті қағып, қашып кеткен экс-полиция қызметкері болып шықты
Фото: Sputnik.kz
194
оқылды
Алматы облысында 18 жастағы жігітті қағып, қашып кеткен полиция қызметкері болып шықты. Ол қылмыс жасағанын айтып полицияға өзі хабарласқан, деп хабарлайды ktk.kz. Алматы облыстық Полиция департаменті тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство 26 жастағы күдікті осыған дейін ішкі істер органдарында қызмет еткенін және өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.
"Жол апаты болған кезде күдікті полиция қызметкері болмаған, ол одан бұрын өз еркімен жұмыстан кету туралы рапорт жазған. Медициналық куәландыру нәтижелері оның мас күйде болмағанын көрсетті. Ал қанда алкогольдің бар-жоғын мұқият тексеретін сараптама әлі дайын емес",- деді ведомствода. 
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.