Павлодарда ер адамды ұрлап кеткен төрт күдікті ұсталды
Павлодарда ер адамды ұрлап кеткен төрт күдікті ұсталды
Фото: yandex.kz
271
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, 25 қазан күні сағат 19:50-де Павлодар қаласының полициясына такси жүргізушісі оның жолаушысын белгісіз үш ер адам басқа көлікке отырғызып, алып кеткені туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын мәжбүрлеп алып кеткенін анықтады. Такси жүргізушісінің айтуымен, полицейлер күдіктілердің ізіне түсті.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов: «Жедел іздестіру нәтижесінде, кеше сағат 01:20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдікті көлікті Павлодар және Қарағанды облысының полицейлері ұстады, – деді.

Полиция 2000-2001 жылдары туған төрт күдіктіні ұстады. Көлікті айып тұрағына қойды.

Факті бойынша ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.