Кеше «Nur Otan» партиясының елордалық филиалында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының ұйымдастырушыларымен баспасөз конференциясы өтті.
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттерді және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Парасатты және зияткер қоғам» бағытын іске асыру мақсатында Qazaq Epos қоғамдық қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. «Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриотизмге баулу, азамат ретінде өзін-өзі тануға бағыттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жыл сайын жобаға қатысушылардың саны көбеюде, қазір 3-кезеңге Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданынан 60-тан артық оқушы қатысуда», – деді «Тұлпар мініп, ту алған!» Республикалық байқауының жетекшісі Арман Абдоллаев. Сонымен қатар баспасөз мәслихатына «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Еркеғали Алимкулов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов қатысты.Би-Барыс КӨКШЕ