«Тұлпар мініп, ту алған!»: жеңімпаздар анықталды
«Тұлпар мініп, ту алған!»: жеңімпаздар анықталды

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда қалалық кезеңі бойынша жеңімпаздар анықталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында өткен байқауда 100-ге жуық оқушы бақ сынады.

Жоба барысында «Nur Otan» пар­тиясы Қызылорда қалалық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Шәріп Әбдірахманов сөз сөйлеп, байқаудың маңызына тоқ­талды.
– Қазіргідей бала санасының әр талшығын бүкілғаламдық тор шең­гелдеп тұрып шырмап алған ке­зеңде оның тарихи, көркем, пә­л­сапалық маңызын ұмыт­тыр­май, бабалар аманаттап кеткен жә­дігердің әр жолын көздің қара­шығындай сақтап, бойға сіңіру өте маңызды. Тегеурінді техноло­гия­ның тасасында қалып бара жатқан ауыз әдебиетінің інжу-маржаны ен­дігі жерде ешкімге де қажет емес деп қарайтындар бар. Ен­де­ше эпостық жырға, батырлар жы­­­рына құрметті арттыру үшін ынталан­ды­рып жаттатудың, қызықтырып оқы­тудың әдіс-амалдары қарас­ты­рылғаны жөн. «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы осындай мақ­сатпен қолға алынған.  Жоба­ның қалалық және аудандық ке­зең­дері 25-29 қазан аралығында өте­ді. Байқауды Qazaq Epos қо­ғам­дық қоры «Nur Otan» партиясы об­лыстық филиалы, облыстық Бі­лім басқармасы және «Дарын» қо­сымша білім беру орталығымен бір­лесе отырып ұйымдастырып жа­тыр, – деді Шәріп Әкбарұлы.
Байқауға Шә­ріп Әбдірах­ма­нов, балалар ақыны Рахат Нау­рыз­­­­баева, жыр­шы, Тұрмағамбет атын­дағы өнер мек­тебінің дирек­торы Берік Сай­ма­ғамбетов, әлеу­­мет­танушы Нұр­сұл­тан Қара­жа­нов, «Сыр ди­дары» га­зетінің бас ре­дакторы Сә­­кен Алдаш­баев, А.Тоқ­­ма­ғам­бе­тов атын­дағы Мәде­ниет үйі жа­нын­дағы «Қауырсын» жас ақын­дар үйір­месінің жетек­шісі Мамыр Бай­дәулетов, жыршы Серік Жақ­сығұлов қазылық етті. Байқаудың қорытындысы бойын­ша, қазылар шешімімен, Қы­зылорда қаласы бойынша ке­ле­сі оқушылар жеңімпаз атанды:
1 орын (150 мың теңге) – №271 ор­та мектептің  7-сынып оқу­шы­сы Жаннұр Аман, дайын­да­ған мұғалімі Гайнегул Аймыра­това; 2 орын (100 мың теңге) – №187 мектептің  8-сынып оқу­шы­сы Жансая Төлеп, дайындаған мұ­ғалімі Баян Мұрынбаева; 3 орын (50 мың теңге) – №189  мек­теп-гимназиясының 8-сынып оқу­шысы Аяулым Мұханбетжан, дайын­даған мұғалімі Анар Байма­ханова.
Байқау жеңімпаздарына жүл­делерін қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов табыстады. Барлық қатысушылар диплом­дармен марапатталып, үздік үш­тік­тен көрінген қатысушылар бай­қаудың облыстық кезеңіне жол­дама алды. Айта кетейік, Қазақстан Тәуел­­сіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы, Білім жә­не ғылым министрлігі және Qazaq Epos қоғамдық қоры бірле­се отырып «Тұлпар мініп, ту ал­ған!» байқауын жариялаған бо­ла­тын. Байқау 6-10 сынып оқушы­лары арасында «Едіге батыр» жы­рын жатқа айтудан өте­ді. Қатысу­шы­лар қосымша Алтын Орда мем­лекетінің тарихи оқиғаларына қа­тысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Байқауға облыс бойынша 662 мұ­ғалім дайындаған 713 оқушы қа­ты­сып жатыр. Жоба Жаңақор­ған және Шиелі аудандарында жал­ғасты.  

Е.СӘРСЕНБАЙ