Мемлекеттік бас­қару жетілдіріледі
Мемлекеттік бас­қару жетілдіріледі
131
оқылды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар мемлекеттік бас­қару жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа енгізілетін жаңа нор­ма­ларға сәйкес, Үкіметтің біраз өкілеттігін министрліктерге беру көзделген. Өз кезегінде министрліктердің бірқатар өкілеттігі әкімдіктерге табысталады.

«Кейбір заңнамалық акті­лерге мемлекеттік басқару дең­гейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы бо­йынша Білім және ғылым ми­нис­трлігіне қаржы ұйымдары ұсы­натын білім кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепіл­дік беру қағидаларын бекіту қыз­меті жүктеледі. Сыртқы істер ми­нистрлігі халықаралық шарт­тардың орындалуын қамтамасыз ету ісіне мониторинг жүргізуге жауапты болады. Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігіне аэротүсірілім жұмыстарын жүр­гізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру жөніндегі қағида­ларды әзірлеу және бекіту тап­сырылады. Сондай-ақ құжат ми­нистрліктер атқарып келген қыз­меттердің бір бөлігін жергі­лікті атқарушы органдарға түсі­руді қарастырады. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасы ел басшылығының тап­сырмаларын, стратегиялық құ­жат­тарда белгіленген басым­­дықтар мен сарапшылардың ұсы­ным­дарын ескере отырып, дайындалды. «Жоба – алдыңғы әкімшілік реформалардың қисынды жал­ғасы. Орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік функ­ция­ларды талдау бойынша ау­қымды жұмыс жүргізілді. 46 заң­намалық актіге, оның ішінде 2 кодекс пен 44 заңға түзету енгізу қарас­ты­рылды», – деді бас экономист. Оның айтуынша, Үкіметтен ми­­нистрліктерге 63 функция тие­ді, 5-еуін жергілікті атқарушы ор­гандарға беру жолымен 68 функ­ция қайта бөлінеді. Бұл рет­те 4 меморган қосымша өкі­лет­тіктерге ие болады. Мысалы, Экология министрлігіне – әкім­шілік хаттама жасау, ІІМ-ге тер­геу изоляторындағы адамдарды есепке алу беріледі. «Жобаны іске асыру мем­ле­кеттік бюджеттен қосымша қар­жы шығынын талап етпейді және кері әлеуметтік-эконо­ми­калық, құқықтық салдарға әкел­мейді. Құжат басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара­жігін нақты ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Ә.Ерғалиев. Заң мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудағы кезекті қадам ретінде оның дербестігін одан ары арттыруға ықпал етеді. Сенатор Ләззат Рысбекова Бі­лім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министр­ліктерінің кейбір функциялары жергілікті әкімдіктерге кететінін қосты. Сенаторлар жан-жақты тал­қылағаннан кейін құжатты бі­рінші оқылымда құптап, пала­та­ның ары қарай пысықтауына жіберді.

Айхан ШӘРІП