Эйфель мұнарасынан секірмек болған алматылық құтқарылды – видео
Эйфель мұнарасынан секірмек болған алматылық құтқарылды – видео
189
оқылды

Полицияға қоңырау шалғандар белгісіз ер адамның Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмек болып тұрғанын хабарлады.

«Оқиға орнына полиция жеткен сәтте «Француз үйінің» күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен сөйлесіп жатқан. Ал «Буран-160» экипажы жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстады. Оны баспалдақпен төменге түсірдік. Секірмек болған ер адам ішімдік ішкен, әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына әкелді, – деді департамент өкілі Талғат Сейілбаев.

Ер адам 1977 жылы туған, нақты тұрғылықты жері жоқ.

Бұған дейін Алматыда мектеп оқушысы 11-қабаттан секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.