«Қазақконцерттің» атауы Үкіметтің 17 тамыздағы қаулысына сәйкес ауысты. Бұл туралы мекеме басшысы Жеңіс Сейдоллаұлы хабарлады.
Қазақ өнерінің бұлбұлы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Соған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің өнерін ел жадында қалдыру үшін Роза Бағланованың есімін ұлықтауды тапсырған болатын.«Ұйымға Роза Бағланованың есімін беру мәселесін қарастыру жөнінде Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың атына хат жолданған болатын. Бұл игі бастаманы өнер адамдары қолдады. Роза Бағланова есімі ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталады, – деді Жеңіс Сейдоллаұлы.
Роза Бағланова «Қазақконцертте» 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін еңбек еткен.