Роза Бағланованың майданда түскен суреті жарияланды
Роза Бағланованың майданда түскен суреті жарияланды
250
оқылды

Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағарту мемориалды кешені төрағасының орынбасары, академик Тұрсынәлі Қузиев Facebook парақшасында Өзмемфилармониясы әйелдер ансамблінің майдандағы суретін жариялады. Суретте КСРО халық әртісі Роза Бағланова  бар.

2011-2013 жылдары Өзбекстан­ның Мәдениет министрі болған Тұрсынәлі Қузиевтің айтуынша, сурет­тің артқы жағында «Солтүс­тік-Батыс фронт, Валдай-Торжок ауданы, 1942 қазан» деп жазылған. Ары қарай «Өзмемфилар­мониясы әйелдер ансамблі алғы шепте әуе байланысы командирі, полковник Токарев Борис Кузьмич, әуе байланысы комиссары, Совет Одағының батыры Таряникпен бірге» екені көрсетілген. Фотосуретке назар аударсақ, 1-қатарда Роза Бағланова, Раима Ха­кимова, Муқаддас Изамова, Ха­диша Хакімова, Ғани Ағзамов бей­не­ленген. Олар сол тұста майдан­гер­лерге арнап ән салған әнші-актерлер еді. Роза Бағланованың бейнесі бар бұл сурет әншінің өмірін зерттеушілер үшін бағалы естелік. Сондай-ақ Тұрсынәлі Қузиев су­реттегі Григорий Аверьянович Таря­ник (1913-1979) гвардия пол­ков­нигі, Солтүстік-Батыс фронт­тың 260-жақыннан бомбалаушы әуе полкі комиссары, 4-гвардиялық бомбалаушы авиациялық Борисов дивизиясын басқарғанын жазған. Роза Бағланованың соғыстан кейін Өзбекстаннан елге оралғаны белгілі. Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық Қаһарманы (1996).  

А. ЖАНАСЫЛ