Ақтөбеде әйел баласы мен оның сүйіктісін көлік ішінен өлі күйінде тапты
Ақтөбеде әйел баласы мен оның сүйіктісін көлік ішінен өлі күйінде тапты
Фото: vzglyad.az
215
оқылды

Ақтөбеде көмірқышқыл газынан улану салдарынан кездесіп жүрген қыз бен жігіт қайтыс болды, – деп жазады «Диапазон».

Қайғылы оқиға қазан айының басында күн суытқан кезде болған.

Жастар 30 жаста болған. Олар гараждағы көліктің ішінде болған, жылыну үшін қозғалтқышты қосып, ұйықтап қалған. Келесі күні оларды жігіттің анасы өлі күйінде тауып алған.

Полиция департаменті қайғылы оқиға улану салдарынан болғанын растады. Жас әйелдің артында кішкентай баласы қалды.