«Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді. Ол туралы Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама 12 сағат 4 минутта келіп түскен. Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы аттанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 75 қызметкер мен 21 бірлік техника, сондай-ақ сол жерде құрамында 7 адам және 2 бірлік техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмылдырылған. Өрт 13 сағат 5 минутта ауыздықталып, 13 сағат 17 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы. Жамбыл облысы ТЖ департаменті барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алады және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін ескертеді» делінген департаменттің ресми ақпаратында.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы