19 жасар Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот талқылауы өтетін күн белгіленді. Сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартты, – деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
«Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Басты сот талқылауы 9 қарашаға белгіленген. Процесс жабық режимде өтеді. Алдын ала тыңдауда сотталушы істің алқабилердің қатысуымен қаралу құқығынан бас тартты. Заң талабына сәйкес істі судья жеке-дара қарайтын болады», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып, үйіне оралмаған болатын. Кейін Аяжан Еділованың денесі табылды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан. 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны қызды өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп тастаған. 20 қазанда Аяжан Еділованы зорлау және өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс сотқа түсті.