ШҚО-да жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды
ШҚО-да жол апатынан бір күнде 5 адам көз жұмды
327
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте өңірде үш жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты.
Алғашқы екі қайғылы оқиға Семей қаласының маңында, ауылдық жолдарда орын алды. 28 қазан күні сағат 18:15-те қала маңындағы жолда 21 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші - тоғыз жасар баланы қағып кетті, ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
  Бала үлкендердің қарауынсыз жолдан өткен. Сол күні кешке Семей-Талица бағытындағы жолда ПАЗ автобусының 66 жастағы жүргізушісі жол бойындағы 45 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Үшінші жол-көлік оқиғасы Павлодар облысына бір шақырым жетпестен Омбы-Майқапшағай тас жолында орын алды, бұл ретте Honda автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кетіп, салдарынан екі жолаушысымен бірге жүргізуші де қайтыс болды.