Кезекті рақымшылық жарияланбақ
Кезекті рақымшылық жарияланбақ
126
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен палата бюросы өтіп, онда Мәжілістің келесі жал­пы отырысы күн тәртібінің жобасы қалыптас­ты­рылды. Оған сәйкес, алдағы аптадағы жиында депу­тат­тар қарауына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарау ұсынылады.

Әзірлеушілердің дәйек­те­уін­ше, заң жобасы мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жаса­ғаны үшін сотталған адам­дарды, оның ішінде азамат­тар­дың әлеу­меттік қауқарсыз санат­тарын жа­задан босатуға мүмкін­дік береді. Сондай-ақ отырыста депу­тат­тар бастамашы болған «Қа­зақ­­станның сот жүйесі мен судья­ла­рының мәртебесі туралы» конс­титуциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» жаңа конституциялық заң жобасы және сот жүйесі мәсе­лелеріне арналған заңнамалық түзетулер бірінші оқылымда қа­ралады деп жоспарланды. Бұған қоса, алдағы «Кейбір заңнамалық актілерге дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» заң жобасын бірінші оқы­лымда талқылау қарастырылған. Сондай-ақ бюро отырысында депутаттарға кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік сая­сатты енгізу және бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы заң жобасын бірін­ші оқылымда қарау ұсынылады.

Айхан ШӘРІП