Google іздеу жүйесі бұдан былай қолданушы өтініші бойынша желіден балалардың суретін өшіріп отырады. Корпорация осылайша кәмелеттік жасқа толмағандарды сақтандырмақ, деп жазды IT компания өзінің блогында. Бұл туралы Informburo.kz хабарлайды.
"Жаңа саясатымызға сәйкес, 18 жасқа толмаған кез келген адам, сондай-ақ, олардың ата-анасы немесе қамқоршылары бірнеше қарапайым қадамды орындау арқылы іздеу нәтижелерінен суреттерді жоюды талап ете алады", – деп түсіндірді Google.Алайда, компания суреттерді іздеу жүйесінен алып тастағанмен, оларды интернеттен толығымен жойып жіберу мүмкін еместігін алға тартты.