Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті. Бұл туралы оның негізін қалаушы Марк Цукерберг хабарлады. Бірақ әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады.
"Адамдарды біріктіру – біздің басты миссиямыз болып қала береді. Желінің бренді өзгертілмейді. Жаңа атау біздің жүріп өткен жолымыздан хабар береді. Енді біз тек Facebook болғымыз келмейді. Мен компанияны метағаламшарды әзірлеуші ретінде көргім келеді", – деп түсіндірді Цукерберг."Метағаламшардың" мақсаты – виртуалды әлемде адамдарды біріктіріп, олар араласу үшін бар мүмкіндік жасау, делінген Meta сайтында. Компаниға Facebook желісінен басқа WhatsApp, Instagram, Oculus және басқа да сервистер мен қосымшалар тиесілі.