Атырауда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші әйел ұсталды
Атырауда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші әйел ұсталды
224
оқылды
Атырауда көлігімен 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен әйел ұсталды.
«Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына «Өркен» шағынауданындағы Сатыбалдиев көшесінде BMW маркалы көлігі жол жиегінде кетіп бара жатқан жасөспірім баланы қаққаны жөнінде хабар түсті. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты патрульдік полиция мен жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 16 жасар жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 1988 жылғы әйел ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
16 жасар жасөспірімнің оң аяғы сынған. Қазір жасөспірім облыстық балалар ауруханасында жатыр.