Түркия 42 мемлекет арасында ұлттық шығын базасының көлемі бойынша алтыншы орынға шыққан
Түркия әуе кеңістігінен 430 миллиард теңгеден астам табыс тапты
istockphoto.com
169
оқылды

Түркия әуе кеңістігін пайдаланғаны үшін рекордтық табыс тапты. Елдің Көлік және инфрақұрылым министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, 2025 жылы аэронавигациялық қызметтерден түскен кіріс шамамен 33 миллиард түрік лирасына жеткен. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 430 миллиард теңге.

EUROCONTROL ұйымының мүшесі ретінде Түркия әуе кеңістігін пайдаланатын әуе компанияларынан навигациялық қызмет үшін төлем алады. Бұл қаражатқа қызметкерлер шығыны, инфрақұрылым, техникалық қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару жүйелері кіреді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 21,5 миллиард лира болған еді. Осылайша бір жылда табыс 53 пайызға өскен.

 

Түркия 42 мемлекет арасында ұлттық шығын базасының көлемі бойынша алтыншы орынға шыққан. Сонымен қатар әуе кеңістігіне сұраныс көрсеткіші бойынша екінші орын алған. Сарапшылар мұны елдің географиялық орналасуымен байланыстырады. Түркия Еуропа мен Азия арасындағы негізгі әуе дәліздерінің біріне айналып отыр.