"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
Сурет: ©"Қайрат"
520
оқылды

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының соңғы матчінде италиялық "Пезароны" жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Қазақстандық команда алтыншы минутта бірінші голды жіберіп алды, бірақ 18-минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді, содан кейін 28-минутта тағы бір гол соқты. Италиялықтар 35-минутта есепті теңестірді, бірақ Диего Фаверо алматылықтардың үшінші голын соғып, командаға жеңіс әкеледі. "Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл командаға Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жол ашты. Осы матчтің алдында ғана топта соңғы орында тұрған алматылық клуб келесі раундқа бірінші орыннан шықты. Бұған дейін алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы, 25-турының матчінде "Астананы" жеңген болатын.