Қазығұртта Алаш арыстары мен Қажымұқанға ескерткіш орнатылды
Қазығұртта Алаш арыстары мен Қажымұқанға ескерткіш орнатылды
Сурет: Отырар
614
оқылды

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» кешенінде «Алаш арыстары» ескерткішінің лентасы қиылды. Ескерткіште ұлт үшін өмірін күреске айналдырған көшбасшыларымыз бен қайраткерлеріміз бейнеленген. Бұл бастама Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр, – деп хабарлайды "Отырар" басылымы. 

Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты. Атап айтсақ, Мәмбет Қойгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сауытбек Әбдірахманов, Нармахан Бегалыұлы және өзге де тұлғалар сөз сөйлеп, рухани маңызды бастаманы жоғары бағалады. Меценат Бекет Тұрғараев пен жергілікті әкімдіктің үйлесімді ісіне ризашылықтарын білдірді. Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен танымал азаматтар да жүрекжарды лебіздерін ортаға салып, Алаш қайраткерлері Мәңгілік Елмен бірге мәңгі жасайтынын айтты. Сонымен бірге осы күні «Анаға тағзым» және Қажымұқан балуанға арналған ескерткіштердің де ашылу салтанаты өтті. Даңқты балуанның 150 жылдығына арналған ескерткішке және ананың мейірімі суреттелген өнер туындысына қонақтар оң бағасын берді. Бұл игі бастамаға белгілі меценат Бекет Тұрғараев қолдау көрсетті.