Германиялық қарсыласын нокаутқа жіберген Асланбек Шымбергенов 19 жастағы боксшымен кездеседі
Германиялық қарсыласын нокаутқа жіберген Асланбек Шымбергенов 19 жастағы боксшымен кездеседі
Фото: kaz.vesti.kz

Қазақстан  боксшысы Асланбек Шымбергенов Белградта бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында германиялық Могамед Шахидовты нокаутпен жеңіп, ширек финалға шықты.

Асланбек Шымбергеновтің  1/4 финалдағы қарсыласы  71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алған 19 жастағы украиналық боксшы Юрий Захареев екені анықталды. Ширек финалдық жекпе-жек 2 қарашада өтеді.