Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан Өзбекстанға бірінші рет жол берді
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан Өзбекстанға бірінші рет жол берді
Фото: vesti.kz
297
оқылды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Белградта өткен әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді. 1/8 финалда 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оралбай өзбекстандық Мадияр Саидрахимовпен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберді. Бұл жекпе-жекте екі боксшы да нокдаунға түсті. Биылғы әлем чемпионатында бокстан Қазақстан Өзбекстанға бірінші рет жол беріп отырғанын айта кету керек. Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 кг.) және Асланбек Шымбергенов (71 кг.) жеңіске жетті.