Павлодар облысы Ақсу қаласында пәтер өртеніп, ер адам қаза тапты.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкі сағат 17.30 кезінде Ақсу қаласының маңындағы Қалқаман ауылында пәтер өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер отқа оранған үш қабатты тұрғын үйге жылдам жетті.«Үйдің 2-қабатындағы пәтердің бір бөлмесінде 15 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар мен тұрмыстық техника жанған. Қызметкерлер пәтерді тексеру кезінде 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты», – деді құтқарушылар.
Құтқарушылар келгенге дейін осы үйде тұратын 15 адам, оның ішінде, екі бала үйден шығып үлгерген. Өрт кешкі сағат 18.07 шамасында толық сөндірілді.