Vesti.kz редакциясының ақпараты бойынша Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, сол жерде жергілікті «Аль-Айн» клубымен келісімшартқа қол қояды.
Исламхан бірінші медициналық тексерістен өтеді, осыдан кейін ол клубпен бес айға келісімшарт жасайды.
«Аль-Айн» БАЭ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы команда клубтық әлем чемпионатының финалында ойнап, мадридтік «Реалдан» ғана ұтылды (1:4).
Еске салайық, Исламхан «Қайраттан» еркін агент ретінде кетіп, ресейлік «Зенитте» бақылау ойындарына барған, алайда, клуб пен ойыншы келесімшарт жасаспады.