«Көмірді көлікке тиегенде де түспеді» –  көмірге таласқан әйелге қатысты әкім пікір білдірді (видео)

«Көмірді көлікке тиегенде де түспеді» –  көмірге таласқан әйелге қатысты әкім пікір білдірді (видео)

Көмір алу үшін көліктің жүк көтергішіне мініп алған әйелдің әрекетіне әкімдік түсінік берді.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының тұрғыны көмір алуға келген. Ол жүк тиейтін көліктің шөмішіне мініп алған. Әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ол көмірді жүк көлігінің бортына тиеген кезде де шөміштен (ковш - ред.) түспеген.

«Халықтан дүрлікпеуді сұраймыз. Иә, желіде әйелдің жүк тиегіш көліктің көтергішіне мініп алған видеосы тарады. Мұның бәрі арандатушылық болды. Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданының тұрғындарына көмір сатуды 2 тұйық жүзеге асырады: ЖК «Санчез« (Шұбаркөл), ЖШС «СаудаКөмір» (Қаражыра). Қазан айында Сарыөзек бекетіне 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Барлығы кезек арқылы таратылады», – деді Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от САРЫОЗЕК (@saryozek_insta)

Бұған дейін көмірге келіп, ажал құшқан спортшы туралы жазған болатынбыз.