«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы партияның сайлауалды бағдарламасы Жол картасының екі нысанын тексерді
«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы партияның сайлауалды бағдарламасы Жол картасының екі нысанын тексерді
190
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау партияның ерекше бақылауында.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында биыл Балаларға арналған оңалту орталығы, "Үйдегі дәрігер" жобасы бойынша 10 отбасылық денсаулық орталығы ашылды.
25 қазанда "Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Лариса Павловецтің қатысуымен партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы шеңберінде салынып жатқан екі республикалық маңызы бар нысан - "Астана медицина университеті" көпсалалы клиникасы және "DARU"оңалту орталығында өтті. Кеңес мүшелері аталған жобалардың іске асыру мерзімдерін, сондай-ақ депутаттардың бақылауындағы мәселелерді талқылады. "DARU" ұлттық оңалту орталығының өкілі Регина Шукунованың айтуынша, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік – жекеменшік  әріптестік бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 350 төсек-орынмен және күндізгі бөлім 35 төсек-орынмен жабдықталған орталық ашу жұмыстары жүргізілуде.  Орталық Қазақстан Республикасының халқына оңалту және қалпына келтіру емі бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ бүгінде бұл жобаны іске асыруда бірқатар мәселелер бар. Атап айтсақ, СОVID-19 пандемиясы салдарынан еуропалық, азиялық және американдық өндіруші-зауыттармен тиімді байланыс орнату қиындады, тіпті онлайн режимінде де қажетті құжаттарды алуда кедергілер кездесуде. "Астана медицина университеті" КеАҚ университеттік клиникасының директоры Валерий Валентинович Шварцтың айтуынша, "Астана медицина университеті" көпсалалы клиникасының құрылыс нысанында 2021 жылдың қыркүйек айында мынадай жұмыстар жүргізілді: жұмылдыру жұмыстары аяқталды; техникалық шарттар алынды; қада жұмыстары және іргетастарды қалау, шоу-румды орнату аяқталды; монолитті бетонмен жұмыс жүргізілуде. Отырыс барысында "DARU" оңалту орталығын салу мерзімі уақытынан біршама кешігіп жатқаны және "Астана медицина университеті" көпсалалы клиникасының концепт-дизайнын қазақстандық стандарттарға толықтай сәйкестендіру керектігі анықталды. Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Лариса Павловец осы жобалардың басшыларына Өңірлік кеңес төрағасы Динара Уразалинаның атына құрылыс барысы және құрылыс жұмыстары кезіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі баяндап, ресми хат жолдауды ұсынды.