Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан Кубаны, Ресейді және Өзбекстанды басып озды
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан Кубаны, Ресейді және Өзбекстанды басып озды
Фото: olympic.kz
186
оқылды
Қазақстаннан 10 боксшы Белградта өтіп жатқан бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетеді.  1/4 финалда Қазақстан намысын Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) қорғайды. Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатында өнер көрсететін боксшылар саны бойынша көш бастап келеді. Екінші орында Ресей тұр — ширек финалға 8 спортшысы өтті. Үшінші орынды Өзбекстан, Куба және АҚШ өзара бөліседі: әрқайсысында әзірге 6 боксшы қалды. Үндістан мен Таиландта — бес, Әзербайжан атынан төрт боксшы сынға түседі. Бразилия, Жапония, Сербия, Италия, Қырғыз Республикасы, Франция және Түркия. Осы елдердің әрқайсысынан 3 боксшысы бақ сынайды. Моңғолия, Беларусь, Англия, Армения, Грузия және Эквадордан – екі. Венесуэла, Литва, Иран, Хорватия, Бельгия, Польша, Барбадос, Болгария, Финляндия, Германия, Тринидад және Тобаго, Шотландия, Иордания, Албания, Молдова, Ирландия, Колумбия, Мексика, Украина және Испания. Бұл елдердің әрқайсысының атынан 1 боксшысы шаршы алаңға шығып, елінің намысын қорғайтын болады.