Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды Olympic.kz.
54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан ширек финалда жеңіске жетті. Ол бразилиялық Майкл Тринидадпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алған болатын.