Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Саматәлі Төлтаев жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келі салмақта сынға түскен Саматәлі франциялық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Софиан Умихаға есе жіберді.
Төрешілер 1:4 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Еске сала кетейік, әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) жартылай финалға жолдама алды.