"Қазақтың Ломаченкосы": 20 жастағы боксшы шетелдіктерді тәнті етті
"Қазақтың Ломаченкосы": 20 жастағы боксшы шетелдіктерді тәнті етті
Фото: kfb.kz
147
оқылды
Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 20 жасын қыркүйек айында атап өткен, 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан нағыз фурор жасады. Әртүрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында керемет техникасы бар еліміздің жас боксшысын Василий Ломаченко мен Марио Кинделанмен салыстырып жатыр. Қазақстан құрамасының боксшысы сенімді ақтауға барын салуда. Бүгін 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан ширек финалда бразилиялық Майкл Тринидадпен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді ол әлем чемпионатының жартылай финалында бақ сынайды.