Көпір құрылысының сапасы мен мерзімі партия бақылауында
Көпір құрылысының сапасы мен мерзімі партия бақылауында
161
оқылды
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Tengrinews» порталында Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты 10 ауылдық округ тұрғындарының жиырма жылдан бері көпір құрылысын күтіп отырғанын атап өткен жарияланымына орай арнайы ауданда болып, «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесінен Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Атап өту керек, бұл көпір партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған өңірлік Жол картада қаралған. Көпір құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылы пайдалануға берілуге жоспарланған. Жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы көпір құрылысына мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуде.
"Көпір құрылысының сапасы мен мерзімі облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында", – дейді партиялық бақылау инспекторы Б.Үмбетова.
Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және 8 елді мекенді байланыстыратын бұл көпір құрылысы сапалы аяқталып, ел игілігіне берілсе, қауіпсіз және тұрақты көлік қатынасы орнамақ.