Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов колумбиялық қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов колумбиялық қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты
Фото: meta-ratings.kz
224
оқылды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Белградта бокстан 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 1/4 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бибосынов 2016 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған колумбиялық Юберхен Мартинеспен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Сәкен Бибосынов ӘЧ-2021 жартылай финалына шықты. Сондай-ақ жартылай финалға Қазақстаннан Теміртас Жүсіпов (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) және Абылайхан Жүсіпов (67 кг) шықты. Кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) ширек финалдық кездесулерін өткізеді.