«Nur Otan» партиясының Жол картасы бойынша Ақтөбе облысында қолға алынып, атқарылған істердің бірқатары Ембі қаласына тиесілі. Мұнда бос тұрған үйлер жөнделіп, спорт кешені, биотазарту нысаны іске қосылды. Қаладағы ең ұзын көшелердің бірі жөнделді.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин және оның бірінші орынбасары Ербол Данағұлов Ембі қаласындағы 45 пәтерлік бес қабатты үйдің кілтін тұрғындарға табыстау салтанатына қатысты. Олар сондай-ақ көп жылдар бойы қараусыз қалған 90 пәтерлі бес қабатты үйде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын да қарап шықты. Пәтерлер күрделі жөндеуден кейін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандарға берілетін болады. Партиялықтар қаладағы Ж.Тілепбергенов көшесінің жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарымен де танысты. Ұзындығы 2,7 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жұмыстарын «Ремгорстрой» ЖШС жүргізген. Бұл көшедегі су ағатын құбырлар толығымен жаңартылған.А.ЖАСАНҰЛЫ