Сыбайлас жемқорлықты шектеу шаралары талқыланды
Сыбайлас жемқорлықты шектеу шаралары талқыланды
145
оқылды

Шымкентте «Nur Otan» пар­­тиясы жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі рес­пуб­ли­ка­лық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысына «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Ж.Бектаева, қалалық «Nur Otan» партиясы жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі қоғамдық кеңес­тің төрағасы Т.Бүрлібаев, «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы КЕАҚ Шымкент қа­ласы бойынша филиалының ди­ректоры, қалалық мәслихат де­пу­та­ты Д.Исабеков қатысты. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агент­­тігінің Шымкент қаласы бойын­­ша департаменті басшы­сы­ның орынбасары А.Раева және Шым­кент қаласы әкімі аппа­ра­ты­ның мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет­тер мониторингі бөлімінің бас­шысы мен қоғамдық кеңестің мү­шелері де аталған жиында төбе көр­сетті. Күн тәртібінде мемлекеттік қыз­­меттер көрсету кезінде сыбай­лас жемқорлық тәуекелдерін тө­мен­дету шаралары талқыланды. Отырысты «Nur Otan» партия­сы­ның жанындағы Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөнін­дегі республикалық қоғамдық кеңес­тің төрағасы Ерлан Саиров жүр­гізіп отырды. Кеңесте «Nur Otan» партия­сы­ның жанындағы Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жө­нін­дегі республикалық қоғамдық кеңес­тің мүшесі Ғалым Байтоқтың жә­не «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Әділ Қо­жықовтың баяндамасы тың­далды. Кеңес отырысында қо­ғам­дық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар беріліп, мәселелерді ше­шу жолдары қарастырылды.

Әбілмансұр ЖАСАН