Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Бүрлібаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, қалалық мәслихат депутаты Д.Исабеков қатысты. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Раева және Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы мен қоғамдық кеңестің мүшелері де аталған жиында төбе көрсетті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шаралары талқыланды. Отырысты «Nur Otan» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров жүргізіп отырды. Кеңесте «Nur Otan» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ғалым Байтоқтың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Әділ Қожықовтың баяндамасы тыңдалды. Кеңес отырысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар беріліп, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.Әбілмансұр ЖАСАН