Пенжімдегі қақтығыс бойынша қылмыстық іс қозғалмақ
Пенжімдегі қақтығыс бойынша қылмыстық іс қозғалмақ
199
оқылды

Алматы облысының полициясы Пенжімдегі дүрбе­лең­нен кейін қылмыстық істер тергеліп жатқанын хабарлады. Полиция департаментінің деректеріне сай Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалған.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Қылмыстық істің барлық қатысушылары анық­талды. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайын­далды, істі дұрыс шешу үшін мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне бағытталған жедел тергеу іс-шарасы жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп то­лық­тырды ведомстводан. 27 қазанда Пенжімде 9-10-сынып оқушылары арасында төбелес болып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын. 16 жастағы жасөспірім зардап шегіп, бірқатар жеке үйдің терезесі сынды.

Мадияр ТӨЛЕУ