Алматылықтарды толғандырған мәселелер, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстары – мегаполистегі нұротандықтардың жұмысындағы басымдыққа ие бағыттарының бірі. Өтініштерді қарау және өтеусіз көмек көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Осы жылдың қазан айында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының тоғыз қоғамдық қабылдауында 90-ға жуық қабылдау өткізіліп, бір айда өтініш берушілердің жалпы саны 700-дей адамды құрады. Оларды қарау нәтижесі бойынша 266 өтініш оң шешімін тапты, 345-іне түсініктеме берілді, 67 өтініш орындалып жатыр. Аудан деңгейінде 113 өтініш берушіні қабылдап, аудан басшылары мен партия филиалдарының штаттық қызметкерлері үлкен жұмыс атқарды. Сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары 73 өтініш берушіні қабылдады. Бұдан ары Алматы қалалық мәслихатының нұротандық депутаттары 61 өтініш берушінің мәселелерін қарады. Естеріңізге салсақ, жақында қалалық филиал алаңында филиал төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтармен кездесті. Сонымен қатар осы айда филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев екі рет қабылдау жүргізді. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында мегаполистің заңгерлері, медиаторлары мен адвокаттары 10-ға жуық азаматқа тегін консультативтік көмек көрсетті. Аумақ бойынша осы жылдың қазан айында өтініштің ең көп саны Алатау ауданының тұрғындарынан (30%) келіп түсті. Оң шешілген өтініштердің нәтижелері республикалық Aiqyn және «Литер» газеттерінде жарияланды, ал ақпараттың басым бөлігі партияның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына орналастырылған. – Алматылықтардың партияға жүгінетін барлық мәселесі қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс регламентіне қатаң сәйкестікте қаралады. Әрбір өтініш мұқият зерттеліп, тиісті құрылымдарға жіберіледі. Өйткені оларды одан ары шешу – сайлауалды уәделердің маңызды құрамдас бөлігі, – деп қорытындылады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.А.ЖАСАН