71 азаматтың өтініші қаралды
71 азаматтың өтініші қаралды
217
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жам­был облыстық және Тараз қа­ла­лық филиалының ұйым­дас­тыруымен «Кедергісіз ке­ле­шек» партиялық жобасы ая­сын­да қабыл­дау өтті.

Қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдерімен бірге облыстық Денсаулық сақтау, Білім, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масынан өкілдер қатысты. Өңірдің барлық аудандарында өткен та­қырыптық қабылдауда облыс бойынша 71 азаматтың өтініші қаралып, оның 46%-ы сол сәтте шешімін тапты. Қабылдауға келгендердің ба­сым бөлігі мүгедектік алу, жұмысқа орналасу, зейнетақы алу, тұрғын үй және тағы да басқа мә­селелерді кө­терді. Сала мамандары тұрғын­дар­дың өтініштерін тыңдап, олар­ды ше­шу бойынша тиісті жұмыстар жүр­­­гізілетінін жеткізді. Қабыл­дауға кел­ген азаматтардың мәсе­лелері пар­­тияның жіті бақылауын­да болады. Жалпы, партиялық жоба ая­сын­да жыл басынан бері 36 қа­был­дау өткізіліп, 201 азаматтың ұсы­ныс-ті­легі тыңдалды. Азамат­тар­дың өті­ніш­терінің  38%-ы оң ше­ші­мін тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН