Әлеуметтік желіде Шонжы ауылы маңында өртенген көліктің видеосы тарады. Оқиғаның мән-жайын Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, апат 3 қарашада сағат 10.25-те Ұйғыр ауданының Шонжы-Ақсу-Ұзынтам автожолының 3-шақырымында болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан көліктер өртке оранған. Екі жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде тірідей өртеніп кеткен. 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Алған жарақатынан екі жолаушы көз жұмды. 5 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.